6 қырқүйек 2024 ж.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

       КОНКУРС!                      6 қырқүйек  2024 ж.

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қызылорда ашық университеті ағымдағы 2024-2025 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

3.«Экономика және басқару» кафедрасы бойынша:

- кафедра меңгеруші, ғылыми дәрежесімен (ғылым кандидаты, PhD (философия докторы), бейінді бойынша доктор -1 шт.бірлігі;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары білімі немесе  кафедра бейіні бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес келетін ЖОО кейінгі білімі және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты,  ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіндік доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі, немесе философия докторы (PhD), бейіндік доктор дәрежесі болуы;

Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • Университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі.

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1.Университет ректоры атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.жеке куәлігінің көшірмесі;

3.кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері;

4.соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қатысты қолданылмайды);

5.ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);

  1. еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар /немесе түйіндеме, қызметтік тізімі.

Конкурсқа қатысушылар өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Сіз "Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтердің (ПОҚ  құрамына) лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен» және «"Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің педагогтарының (ПОҚ қурамы) лауазымдықбіліктілік сипаттамалары ережелерімен» Университет сайтында https:ouk.edu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. 

Конкурстық құжаттарды сканерленген ұсқада электрондық поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ұсынуға болады, сондай-ақ құжаттар Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72А, «Қызылорда ашық университеті», Әкімшілік және  кадрлық жұмыстар басқармасы (207 кабинет) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады, телефондары:  87017246995.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.