Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма
Ажмолдаева Ақмарал Егізбайқызы
п.ғ.м.
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы
Миссиясы:
Университеттің білім беру сапасын арттыру және заманауи талаптарға сай болу үшін академиялық процестерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- Академиялық саясатты дамыту және енгізу.
- Оқу бағдарламаларын аккредиттеу және сапасын бақылау.
- Оқу үрдісін ұйымдастыру және үйлестіру.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесін дамыту.
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру.
Функциялары:
- Академиялық оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту процесін бақылау.
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын дайындау және іске асыру.
- Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды енгізу.
- Академиялық үлгерімді талдау және есептер дайындау.
- Студенттердің оқу жетістіктерін тіркеу және мониторинг жүргізу.