Авторларға арналған нұсқаулық
«Қызылорда ашық университетінің хабаршысы» ғылыми журналының редакциясы қазақ және орыс тілдерінде, журналдың тақырыбына сәйкес келетін, бұрын жарияланбаған ғана авторлық материалдарды – ғылыми (практикалық) мақалаларды, шолуларды (шолу мақалаларын) қарайды.
Мақалаларды тәуелсіз рецензенттер - ғалымдар немесе мақаланың тақырыбына жақын ғылыми мамандығы бар мамандар міндетті түрде қарауға тиіс. Рецензиялау нәтижелері бойынша мақала авторға пысықтау үшін жіберілуі мүмкін. Редакцияның мақаланың соңғы нұсқасын алған күні, мақаланың келіп түскен күні болып есептеледі. Редакция мәтінге, мақаланың мағынасын бұрмаламайтын, редакторлық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Журналдың бір номерінде автор, ең көп дегенде, екі мақала жариялай алады, соның ішінде бірлескен авторлық.
Мақалаларды ресімдеу ережелері
Мақаланың мәтіні, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі андатпа, әдебиеттер тізімі, суреттер, суреттер мен кестелердің атаулары бір файлмен ресімделеді, Windows 10 операциялық жүйесінде Microsoft Word форматында Times New Roman шрифтімен жазылуы тиіс (өзге форматтарда сақталған файлдар қабылданбайды).
Журналда жариялау үшін жұмыстың мәтінін ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, қолжазбада плагиаттың және ақпаратты алудың басқа заңсыз түрлерінің болмауына, сонымен қатар, басқа көздерден қолданған мәтіннің, кестелердің, сұлбалардың, иллюстрациялардың дұрыс ресімделуіне кепілдік береді.
Мақаланы безендіру параметрлері: бет – А4, кітап бағыты, ені бойынша туралау, барлық жағынан жиектер-20 мм. Қаріп: түрі - Times New Roman, өлшемі (кегль) – 12, жоларалық интервал – 1, «қызыл жолдың» шегінісі -1,25 см. Мақаланың көлемі 5-7 беттен аспауы керек (шолу сипатындағы мақалалар 8-10 бет). Мақала көлемінің есебіне аннотация, түйінді сөздер, әдебиеттер тізімі, қазақ және орыс тілдеріндегі автор(лар) туралы мәліметтер кірмейді. Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар, журналдың редакциялық алқасының ерекше шешімі бойынша, ерекше жағдайларда жариялауға қабылданады.
ҒТАМР коды (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) ғылыми-техникалық ақпаратты бірыңғай тақырыптық жүйелеуге арналған. ҒТАМР ҒТА органдарында құрылған және қолданылатын рубрикаторлар жүйесінің негізі болып табылады. ҒТА мемлекетаралық рубрикаторы әмбебап тақырыптық қамтуы бар иерархиялық жіктеу жүйесі болып табылады. ҒТАМР коды - нүктелермен бөлінген араб цифрларының жұптары. Кодтың соңында нүкте қойылмайды. ҒТАМР өз тақырыбы бойынша http://www.grnti.ru сайттан анықтауға болады.
ӘОЖ номері Әмбебап ондық жіктеу – бұл жалпыдан жеке-жеке иерархиялық принципке негізделген және жұмыстың тақырыбы мен зерттеу бағытын ескеретін жарияланған мәтіндерді кодтау үшін қолданылатын жүйе. Бұл жағдайда сандық ондық код қолданылады. Мұндай кодтау жүйесі кез-келген кітапханада немесе электрондық сақтау жүйесінде қажетті басылымды, ғылыми мақалалар жинағын ұзақ ізденіссіз табуға мүмкіндік береді.
Мақаланың атауы қысқаша болуы керек және жұмыстың мәнін көрсетуі керек. Атауында аббревиатураларды қолдануға жол берілмейді. Атау ақпараттық болуы керек (халықаралық ақпараттық мәліметтер базасының негізгі талаптарының бірі).
Аңдатпа мақаланың және оған сәйкес ғылыми зерттеудің негізгі мазмұнын көрсетуі керек: өзектілігі, тақырыбы, міндеттері, мақсаттары, әдістері, нәтижелері, қорытындылары мен ұсыныстары: аңдатпа 100-200 сөзден аспауы керек және мақаланың атауын қайталамауы керек.
Түйінді сөздер - кемінде 5-7 түйінді сөз немесе қысқа сөз тіркестері мақаланың негізгі мазмұнын, оның әдістемесін көрсетуі тиіс. Мақаладағы кілт сөздер олардың маңыздылығы бойынша көрсетілуі керек.
Кіріспе - соңғы онжылдықта, ұқсас немесе жақын зерттеулер жүргізілген, отандық және шетелдік жұмыстарды міндетті түрде қарастыра отырып, мәселенің тарихи қысқаша мазмұны мен зерттеу мақсаты тұжырымдалады.
Зерттеу материалдары мен әдістері - зерттелетін материалдардың сипаттамасынан, зерттеу әдістемесі мен жүргізу тәртібінен тұрады; жаңа әдістерді егжей-тегжейлі сипаттау керек; авторды және/немесе әдістің атауын көрсете отырып, әдебиеттер тізімінде бұрын жарияланған және жалпыға белгілі әдістерге сілтеме жасау жеткілікті.
Зерттеу нәтижелері және талқылау - негізгі теориялық және зерттеу нәтижелер, нақты деректер, анықталған қатынастар мен заңдылықтар келтіріледі. Мұнда жаңа нәтижелерге, маңызды жаңалықтарға, қолданыстағы теорияларды жоққа шығаратын тұжырымдарға, сондай-ақ практикалық маңызы бар мәліметтерге артықшылық беріледі. Үздік отандық және әлемдік аналогтармен салыстыру жүргізіледі. Зерттеудің пікірталас сәттері және оларды шешуге өз көзқарасыңыз сипатталады.
Қорытынды - жұмыстың қорытындысын шығару, зерттеудің жаңалығы мен өзектілігін негіздеу, алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсынымдар. Қорытындылар дерексіз болмауы керек, олар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, әрі қарайғы жұмыстың ұсыныстары мен мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолданылуы керек.
Әдебиеттер тізімі мақала жазылған тілде ұсынылуы керек және мақаланың соңында мәтінде қатаң түрде айтылуы керек. Пайдаланылатын әдебиеттер саны - кемінде 7. Әдеби дереккөздерге сілтеме жасау үшін төртбұрышты жақшалар қолданылады, мысалы: [1], [4,5].
Мақаланы ресімдеу құрылымы:
- ҒТАМР коды бірінші беттің жоғарғы сол жақ бұрышына қойылады, қаріп - қалың, қаріп өлшемі - 12.
- ӘОЖ номері әмбебап ондық классификацияға қатаң сәйкес келеді (туралау – сол жақ шеті бойынша, МРНТИден кейін, қаріп - қалың, қаріп өлшемі - 12). Кітапхананың библиографынан нақтылау керек немесе ӘОЖ Классификатор сайтында табу керек.
- Мақаланың атауы қалың қаріппен бас әріптермен, жолдың ортасына тураланады (12 - қаріп).
- Авторлар туралы ақпарат аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі және автор(лар) атағы, электрондық поштасы, ортаға (11 - шрифт) теңестіріледі, әрі қарай, интервалдан кейін ұйымның толық атауы (жұмыс орны), қаласы, елі көрсетіледі (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, автордың тегінің жанына бірдей белгі қою қажет және тиісті ұйым) (ортаға туралау, курсив, 11 - қаріп).
- Аңдатпа авторлар туралы ақпараттан, бір интервалдан кейін, мақала құрылымын сақтай отырып, 100-200 сөз (11 - қаріп).
- Түйінді сөздер интервалсыз аннотациядан кейін, 5-7 сөз/сөз тіркестері (11-қаріп).
- Негізгі бөлімде абзацтан қалың қаріппен жазылған құрылымдық бөліктер бар.
- Кіріспе - негізгі мәтін, интервал арқылы кілт сөздерден кейін (12 - қаріп).
- Зерттеу материалдары мен әдістері кіріспеден кейін интервалсыз (12 - қаріп).
Кестелер, суреттер айтылғаннан кейін орналастырылуы керек. Әр кестенің алдында және әр суреттен кейін жазу болуы керек (11 - қаріп). Кестелер мен суреттерді нөмірленуі бөлек, өтпелі түрде жүргізіледі. Суреттер анық, таза, сканерленбеген болуы керек.
Мақаладағы барлық формулалар Microsoft Office формула редакторының көмегімен терілуі керек, негізгі мәтіннің қаріп өлшемінен аспайтын бірыңғай форматта жолдың ортасына орналастырылуы керек. Мәтін бойынша сілтемелер бар формулалар ғана нөмірленеді.
Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілі қысқартулардан басқа, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде шешілуі керек.
Мәтінде сілтемелер төртбұрышты жақшада көрсетіледі. Сілтемелер мәтіндегі сілтеме ретімен қатаң нөмірленуі керек ([1], [2] және т.б.). Мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме пайдаланылған беттерді көрсетумен бірге жүруі керек (мысалы, [1, 45 бет]). Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
- Нәтижелер және оларды талқылау
- Қорытынды
- Әдебиеттер тізімі қорытындыдан кейін (негізгі бөлімінен кейін) интервал арқылы (11 қаріп). Әдебиеттер тізімі ГОСТ Р. 7.1 – 2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері", ГОСТ Р.7.0.100–2018 (2018 жылғы 03 желтоқсандағы өзгеріс пен толықтырумен) "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері" сәйкес ресімделеді.