Академиялық ұтқырлық
|
Академиялық ұтқырлық дегеніміз не? Академиялық ұтқырлық дегеніміз – өзі оқитын жоғары оқу орынындағы білім беру бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін басқа (мемлекет ішіндегі немесе шетелдік) жоғары оқу орнына ауыстырылуы немесе басқа жоғары оқу орынында білімін жалғастыруы. Академиялық ұтқырлықтың мақсаты-оқу орнынан тыс білім беру немесе ғылыми бағдарламаларға қатысу арқылы білімді, тәжірибені және халықаралық кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту. Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары әртүрлі оқу және зерттеу ресурстарына қол жеткізуді, терең мәдениетаралық алмасу мүмкіндігін, кәсіби көкжиектерді кеңейтуді және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтиды. |