Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Студенттер үшін қандай академиялық ұтқырлық бағдарламалары бар?
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен;
  • Erasmus+ және т.б. бағдарламар арқылы бара алады.

 

  1. Erasmus+ бағдарламасы деген не?

Erasmus+ бағдарламасы-бұл әртүрлі елдердегі оқу орындары арасындағы студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығына ықпал ететін Еуропалық комиссияның бастамасы, оның мақсаты мәдени және білім алмасуды нығайту болып табылады.

 

  1. Алмасу бағдарламаларына қандай оқу орындары мен елдер қатысады?

Қызылорда ашық университетінің студенттері бара алатын ЖОО-ның тізімін Ішкі және Сыртқы академиялық ұтқырлық бөлімінен көре аласыз.

 

  1. Бағдарламаға қатысушыларға қандай талаптар қойылады?
  • IELTS (немесе сертификат);
  • GPA-3,0 немесе одан жоғары;
  • Өтініш беру кезінде студент 1 семестрді бітіруі керек (бакалавриат немесе магистратура);
  • Қазақ тілін білу керек;
  • Құжаттарды көрсетілген уақыт аралығында өткізу шарт.

 

  1. Бағдарламаға қатысуға өтінім берудің нұсқаулығы мен мерзімдері қандай?

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру (нұсқаулықта) көрсетілген.

 

  1. Бағдарламаға қатысу үшін қандай тілдік талаптар бар?

Қазақ тілін жетік меңгерген.

Ағылшын тілі – IELTS сертификаты.

IELTS болмаған жағдайда Intermediate деңгейі және одан жоғары екендігін дәлелдейтін сертификат.