Национальный курултай: важные решения и исторические шаги 🌟

Бурабайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысы өтті. Президентіміз Ұлттық құрылтай жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырғанын атап өтіп, қоғамдағы өзектідеген, атап айтқанда салық саясаты, уақыт белдеуі, ұрпақ тәрбиесі, еңбек нарығы, тағы басқа түрлі мәселелерге назар аударды.

📌Аталмыш Ұлттық құрылтайға Қызылорда ашық университетінің ректоры, академик Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы арнайы қатысты.

🔰Айта кетерлік жайт, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын» деп атап өтті.

Сыр өңірінің тарихи жолы мен тағылымына терең бойлап, ұлтты тұтастыратын алқалы жиынды Қызылордада өткізуге шешім қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына Сыр жұртшылығы алғыстарын білдіруде!👏🏻

Возможно, это изображение 3 человека и текст