Материалдық-техникалық база

Университеттің негізгі мақсаты – іргелі және қолданбалы білім беру, үнемі кәсіби өзін өзі дамытып отыруға қажеттілікті тәрбиелеу, ізгілік ұстанымдары негізінде рухани, зияткерлік және күш-қуаттық дамыған, биік шығармашылық әлеуетімен ерекшеленетін және жақсылық жасай алатын тұлға қалыптастыру.

 

Университеттің оқу ғимараттары, заманауи зертханалары, оқу кабинеттері, аудиториялары бар. Арнайы оқу аудиториялары тиісті компьютерлік және басқа да қажетті жабдықтармен жарақтандырылған. Сонымен бірге университетте оқу залдары, электронды оқу залы, екі спорт залы, студенттік жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету орталығы бар

Білім беру қызметін университтің төрт кафедрасы жүргізеді: «Педагогика» кафедрасы, «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасы, «Экономика және басқару» кафедрасы, «Инженерлік технологиялар» кафедрасы.

Студенттердің сабақтарға өз бетінше дайындалу тиімділігін арттыру мақсатында университетте интернет желісіне қосылған 4 компьютерлік класс пайдалануға берілді:

1.Жалпы компьютерлік класс интернет желісіне қосылған;

2. Инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған компьютерлік класс;

3. Информатика және есептеу техникасы негіздері класы;

4.Компьютерлік жобалау класы.

Университетте мүгедек-студенттерге, ата-анасы жоқ жетімдерге, ата-анасының біреуі бар жетімдерге жеңілдіктер көзделген; сонымен бірге оқу үзідіктеріне, белсінділерге және ең көп балл жинаған түлектерге сертификаттары бойынша жеңілдіктер беріледі. Білім алу кезеңінде оқу ақысы өзгермейді.

Университеттің кітапханасы мен оқу залы студенттерге қажетті оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Кітапхананың кітап қоры 200 000 астам дана құрайды.

ЖОО-да дене шынықтырумен және көркем шығармашылықпен айналысуға барлық қажетті жағдай жасалған. Университеттің 3 оқу ғимараты, 50 орынға арналған студенттік асханасы, 100 орындық жатақханасы, 200 орындық конференц-залы бар.

Білім алушылардың денсаулық жағдайы тұрақты бақылауда болады: студенттер жасалған кестеге сәйкес дәрігерлік тексеруден өтіп тұрады. Университетте арнайы жабдықталған медициналық кабинет жұмыс істейді.