Ректор блогы
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,
Қызылорда ашық университетінің ректоры
т.ғ.д.,профессор, ҚР Ұлттық академия академигі
Құрметті қонақ! Сіз ректор блогы арқылы ректорға хат жібере аласыз.
Ол үшін «Хат жөнелту» алаңын толтыруыңыз қажет.
Жауабын төменде жарияланған хаттар тізімінде немесе электронды пошта арқылы ала аласыз.
Қабылдау уақыты: Сс., Бс. 16:00-18:00
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:Егер хат мазмұнында басқа адамдардың қасиетіне тіл тигізетін немесе басқа да әдепсіз материалдар болса, онда Сіздің хатыңыз жарияланбайды. Жауапты тек электронды пошта арқылы аласыз.
Жарияланған хаттар тізімі
Сұрағыңызға рақмет, Ақбота!
Өте орынды сұрақ. Академиялық ұтқырлықтың негізгі талаптарының бірі – студенттің білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелерінің сақталуы.
Студент басқа университетте оқуға кетпес бұрын, қабылдаушы университетте өтетін пәндері алдын ала қарастырылып, олардың оқу бағдарламасына сәйкестігі анықталады. Студенттің академиялық траекториясы ескеріледі. Ұтқырлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін игерілген кредиттер белгіленген тәртіппен танылады.
Сондықтан студент үшін ең маңыздысы – академиялық ұтқырлыққа кетер алдында оқу жоспарын дұрыс келісу және қажетті рәсімдерді уақытында орындау.
Құрметпен,
Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі басқарма Айсұлу Мұхамбетжанқызы.
Қаржыландыру шарттары ұтқырлық бағдарламасының түріне, қаржыландыру көзіне және серіктес жоғары оқу орнымен жасалған келісімдердің талаптарына байланысты айқындалады.
Ішкі академиялық ұтқырлық аясында студенттер, әдетте, серіктес жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлемейді. Алайда жол жүру, тұру және басқа да шығындар студенттің жеке қаражаты немесе арнайы қаржыландыру бағдарламалары есебінен өтелуі мүмкін.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шығындарды жабу мәселесі серіктес университеттердің шарттарына, гранттық бағдарламаларға және қолданыстағы келісімдерге сәйкес шешіледі.Құрметпен,
Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі басқарма Айсұлу Мұхамбетжанқызы.
Құрметті Айзат ханым!
Айзат ханым Сіздің сқрағыңыз бойынша бір үйден екі бала ақылы негізде білім алса жеңілдіктер қарастырылған. Университеттің «Маркетинг және ақылы қызметті есепке алу» бөліміне хабаласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Маркетинг және ақылы қызметті есепке алу» бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Копашева К.К.
Құрметті Жансая ханым!
6В04142-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқу ақысы 2026-2027 оқу жылына 450000 (төрт жүз елу мың) теңге болып бекітілген. Онлайн білім алу қарастырылмаған.
Құрметпен,
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы, Ажмолдаева А.Е.
Құрметті Серік Шыңғыс Серікұлы!
Университетте киберқауіпсіздік пен студенттердің жеке деректерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты негізінде деректерге қолжетімділік шектеліп, заманауи қорғаныс жүйелері, резервтік көшіру және тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметкерлер мен студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
RSS лента комментариев этой записи