Құқық және қызмет көрсету кафедрасы

«Құқық және қызмет көрсету» кафедра меңгерушісі

з.ғ.к. Бисенова Маржан Қылышбайқызы

е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Құқық және қызмет көрсету» кафедраcы университетінің оқу-ғылыми құрылымы болып табылады

      Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бакалавр даярлау жүргізеді:

  «Құқықтану (қылмыстық құқықтық)»

  «Құқықтану (мемлекеттік қызмет)»

  «Құқықтану (қаржы құқығы)»

  «Экология»

 – «Мәдени - тынығу жұмысы»

  «Кітапхана ісі»

  «Дизайн».

Кафедра заң, жаратылыстану, өнер, әлеуметтік білім, қызмет көрсету  ғылыми бағыттарда мамандар даярлауда оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзгізеді.

Кафедраның оқытушы-профессор құрамы 32 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 14 ғылым кандидаттары, 5 магистр-оқытушы, 4 доцент,  28 аға оқытушы бар.

Кафедра оқытушылары студенттермен тығыз байланыса отырып, жан-жақты тәрбие жұмыстарын жұргізіп, аймақ, республика деңгейіндегі жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға, пәндік олимпиадаларға белсене қатысады.

6В04246«Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша кафедра құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының ұйымдары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.

Негізгі ғылыми бағыттар:

  • Мемлекет және құқық теориясы;
  • Мемлекет және құқық тарихы;
  • Қылмыстық құқық;
  • Криминалистика.

Кафедраның оқытушылары тұрақты оқу-әдістемелік жұмыстар жургізеді; университетте жыл сайын өткізілетін студенттік конференцияға студенттерді дайындайды. Сонымен бірге басқа ЖОО-да өткізілетін халықаралық және республикалық конференциялар мен студенттік олимпиадаларға қатысатын студенттерді дайындайды.

Кафедраға криминалистика кабинеті бекітіліп берілген, ол криминалистиканың негізгі элементтерін көрсететін стендтермен жарақтандырылған, криминалистикалық зертхана жұмыс істейді.

Кафедрада болашақ заңгер мамандарды дайындауға қажетті сот мәжілісі залы жұмыс істейді. Кафедра жанында «Жас заңгер» үйірмесі жұмыс істейді. Оқытушылармен бірлесіп студенттер азаматтарға заң кеңестерін береді.

     Кафедра республиканың оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық жасайды:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен;
  • М.Х.Дулат атындағы Тараз өңірлік университетімен;
  • Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен;
  • Қазақ гуманитарлық-заң университетімен.

6В05247 – «Экология» білім беру бағдарламасын бітірушілер келесі салаларда жұмыс істей алады:

  • арнаулы оқу орындарында экология оқытушысы;
  • агробиостанцияларды жоспарлау, реконструкциялау, суландыру, көгалдандыру бойынша жобалау және конструкторлық ұйымдарды;
  • түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарды;
  • санитарлық-эпидемиологиялық орталықтарда, ауыл шаруашылығы ұйымдарында және минералды шикізатты қайта өңдеу өндірісінде.

Ғылыми бағыттар:

  • өсімдіктерді қорғау;
  • мұнай өндіруші кәсіпорындардың Арал өңірінде экологиясына әсерін зерттеу;
  • Арал өңірі ауыл шаруашылығын экологиялық бағалау.

Ғылыми байланыстар:

  • Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты;
  • Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
  • Алматы технологиялық университеті;
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

6В03231 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындайды: 

  • Кітапханашы, библиограф әдіскер;
  • Референт-хабаршы, құжаттанушы, ғылыми қызметкер;
  • Бөлім сектор меңгерушісі;
  • Кітапхана колледжінің оқытушысы.

Мәдениет, кітапханалық-ақпараттық саланың заманауи талаптарын меңгерген, кітапхана қызметін сапалы қамтамасыз ете алатын мамандар даярлау.

  • ҚР Ұлттық кітапханасы;
  • Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

Алдыңғы буын кітапханашылардың тәжірибесін жинақтай отырып, қазір ақпараттық жұмыстың сан қырлары ашылып, толығып, жаңа автоматтық технологиялармен модернизацияланып келеді. Сондықтан да қазіргі кітапханашы - ақпаратты жеткізуші, ақпараттық ресурстардың референт-талдаушысы. Әлемдік ауқымдағы ақпаратты компьютердің көмегімен игеріп, оқырманға жеткізіп отырады.

Ғылыми байланыстар:

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

          6В11111 – «Мәдени - тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы мен     6В02132 – «Дизайн» білім беру бағдарламалары.

Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмысы:

  • Студенттердің білімін жетілдіру;
  • Білім нарығын қалыптастыруды зерттеу.

          Кафедраның негізгі жұмысы – білікті мамандар даярлау; дизайн бакалаврларын, мәдениет, өнер, шығармашылық орталықтар, әуесқой, клуб бірлестіктері,  мектеп және мектептен тыс мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

          Халықаралық кеңістікте бәсекеге қабілетті, терең кәсіби құзыреттілікке ие сән дизайны, графикалық және сәулеттік дизайн саласында жоғары білімді жоғары білікті кадрларды даярлау.

          Мәдени – бұқаралық іс – шаралар сценарийлерін әзірлеу кезінде шығармашылық көзқарас және театр өнері элементтері бар мәдени-демалыс мекемелерінің қызметінде жоспарлау, ұйымдастыру және басқару әдіснамасын қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Ғылыми байланыстар:

  • Қазақ технология және бизнес университеті;
  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;
  • Сырдария университеті;
  • М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
  • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.

 

Түйіндеме