Педагогика кафедрасы
Кафедраға қарасты білім беру бағдарламалары: 6В01514 - Информатика 6В01408 - Бейнелеу өнері және сызу(Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау) 6В01409 - Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) 6В01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту 6В01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6В01102 - Педагогика және психология 6В01407 - Дене шынықтыру және спорт |
Кафедраның негізгі бағыты: педагогикалық білім берудің: мектепке дейінгі және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің және мектептегі психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешудің тиімді әдістерін әзірлеу.
Кафедраның негізгі мақсаты: педагогикалық бағыттағы бакалавларды даярлауда өңірдегі көшбасшылық позицияны қамтамасыз ету болып табылады.
Кафедраның негізгі қағидалары:
- ашықтық принципі. Кафедра мен кафедра жобалары туралы ақпараттың әлеуметтік желілерде қолжетімділігін, қашықтықтан оқыту технологиялары мен web – мүмкіндіктер негізінде жедел кері байланысты, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының білім алушылармен, жұмыс берушілермен және талапкерлермен ашық өзара іс-қимыл жүйесін көздейді.
- қол жетімділік принципі. Білім алушылар үшін қосымша білім беру қызметтерінің кең спектрін және икемді дағдыларды табысты кәсіби өзін өзі іске асыру мен бәсекеге қабілеттіліктің қажетті құрамдас бөлігі ретінде дамыту мүмкіндіктерін ұсыну;
- өзара әрекеттесу принципі. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, инновациялық кәсіпорындармен және өңірді дамыту драйверлерімен, білім беру қызметтері нарығында жұмыс істейтін жеке ұйымдармен өзара байланысты дамыту.
Педагогика кафедрасы төмендегі ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық, шығармашылық байланыста:
- Ш.Есенов атындағы Инжиниринг және технологиялар университеті;
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
- Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- Батыс Қазақстан Инновациялық-тех-нологиялық университеті
- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты.
6В01514 – Информатика мамандығы - заманауи ақпараттық технологиялар мен педагогикалық технологиялардың әдістері мен тәсілдерін, ғылыми жетістіктерін білім беру үдерісінде қолдана алатын, нарық экономикасы сұранысына сай, ізденімпаз жоғары білімді болашақ информатика мұғалімдерін даярлау болып табылады. Университет бітірушілерге «Информатика бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
6В01408 - Бейнелеу өнері және сызу (Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау) БББ бойынша жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, бейнелеу өнері және сызу саласында жүйеленген білімді меңгерген, оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыра алатын және кәсіби біліктілігі жоғары бакалаврлар дайындау. БББ түлектері:
- орта мектептердегі «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі,;
- техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде арнайы пәндердің оқытушысы, өндірістік оқыту шебері, бейіндік мектептерде мамандырылған білім беретін оқытушы; біліктілік көтеру орталықтарының оқытушысы болып қызмет атқара алады
6В01409 - Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) БББ мақсаты - жалпы мәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктері бар жоғары білікті әрі кәсіби ұтқыр сонымен қатар, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие педагог кадрларды даярлау. Кәсіптік оқыту бакалавры жалпы білім беретін мектеп, лицей, колледждерде және оқу-өндірістік комбинаттар, оқу-курстық жүйелер, жұмыспен қамту орталығы мамандары мен біліктілігін көтеру мен қайта даярлау, дайындау орталықтарында жұмыс атқарады.
6В01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту БББ мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды трансформациялау жағдайында балалардың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті көшбасшылық қасиеттерге, икемді дағдыларға ие, инновациялық қызметке дайын кәсіби құзыретті бакалврларды дайындау.
6В01301 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі БББ мақсаты – заманауи талаптар негізінде белсенді азаматтық ұстанымы, көшбасшылық қасиеттері, әлеуметтік жауапкершілігі және кәсіби құзыреттілігі бар бастауыш білім беру саласында бакалаврлар даярлау.
6В01102 - Педагогика және психология БББ мақсаты - білім беру үдерісінің оқу-тәрбие және эксперименталды-зерттеу аспектілерін үйлестіре алатын білікті, бәсекеге қабілетті педагог-психологтарды дайындау.
6В01407 - Дене шынықтыру және спорт БББ мақсаты - жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып, кәсіби білімін, практикалық дағдыларын жүзеге асыруда бәсекеге қабілетті және табысты болуға мүмкіндік беретін өзгеретін білім беру талаптарына бейім дене шынықтыру бакалаврларын даярлау.