«Инженерлік-технологиялар» кафедрасы
«Инженерлік-технологиялар» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к. Алибеков Наурызбай Беккожаевич
Телефон: +7 702 459 9977
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы
![]() Алибеков Наурызбай Беккожаевич т.ғ.к., кафедра меңгерушісі |
![]() Құдайберген Абзал Мұратұлы п.ғ.м., оқытушы |
![]() Өтепберген Гүлдина Жанәділқызы әдіскер |
![]() Сарсенбаева Айжан Маратқызы т.ғ.м., аға оқытушы |
![]() Тулегенов Серикбол Ухайлович аға оқытушы |
Қызылорда ашық университетінің құрылымдық бөлімінің бірі «Инженерлік технологиялар» кафедрасы.
- Жасанды интеллект
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мұнай-газ ісі
- Құрылыс
- Электр энергетикасы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 21, оның ішінде техникалық ғылымдар кандидаты – 13, магистр – 6, аға оқытушы – 16.
Кафедраның негізгі бағыты: ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында өндірістің барлық саласын қамтитын, өндірісте пайда болатын мәселелерді шешудің тиімді әдістерін игерген техникалық мамандарды әзірлеу.
Кафедраның негізгі мақсаты: техникалық бағыттағы бакалавларды даярлауда өңірдегі көшбасшылық орнын қамтамасыз ету болып табылады.
Кафедраның негізгі міндеттері:
-
Білім беру үдерістерін инновациялық әдістер негізінде ұйымдастыру арқылы оқу-тәрбие және оқу-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру;
-
Заманауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Студенттердің білімін жетілдіру мақсатында заманауи технологияларды пайдалану және меңгеру.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары дәстүрлі бағыттағы зерттеулерді жетілдіруге бағытталған және келесі бағыттарды қамтиды:
-
Жергілікті шикізатты пайдалану негізінде ресурсты үнемдейтін және қалдықсыз өндірістің байланыстырғыш заттары, бетондар және түрлі мақсаттағы бұйымдар технологиясын ұйымдастыру;
-
Жаңа тиімді бетон түрлерін дайындау;
-
Мұнай-газ кешенінде, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы ғимараттар мен құрылыстардың жобалық есептерін зерттеу;
-
Саладағы пайдалану жұмыстарын басқару және ұйымдастыру жолдарын зерттеу, тасымалдау үдерістерін ұйымдастыруда маркетинг пен менеджмент әдістерін енгізу және іске асыру, көлік кешендері бар кәсіпорындарды жобалау, көлік құралдарын техникалық пайдалану және көлік қызметтерін тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
-
Электр станциялары мен қосалқы станцияларды, электр көлігін, электржетек пен технологиялық кешендерді автоматтандыруды, жарық техникасын және жарық көздерін, электр техникалық қондырғылар мен жүйелерді, электр оқшаулау мен кабель техникасын, электромеханиканы, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау мен автоматтандыруды жобалау, жаңғырту және пайдалану бағыттарын зерттеу;
-
Есептеуіш машиналарға, кешендерге, жүйелер мен желілерге, ақпаратты өңдеу және басқару компьютерлік жүйелеріне, есептеу техникасы құралдарына және бағдарламалық қамтамасыз етуге (жеке бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер) қатысты зерттеулер жүргізу;
-
Геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстарды, соның ішінде мұнай-газ құбырларын жобалауды зерттеу;
-
Технологиялық операциялардың орындалуын, нысанға әкелінетін материалдар мен бұйымдардың сапасын бақылау.
«Инженерлік технологиялар» кафедрасы төмендегі ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық, шығармашылық байланыста:
-
Ш.Есенов атындағы Каспи Инжиниринг және технологиялар университеті
-
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
-
Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университеті
-
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
-
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
-
Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ университеті
-
«Тұран –Астана» университеті
-
Алматы технологиялық университеті
-
Баишев университеті
-
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
-
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
-
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Халықаралық білім беру корпорациясы
-
Ташкент архитектура және құрылыс университеті
6B06150-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
БББ мақсаты - заманауи ақпараттық технологиялардың әдістері мен тәсілдерін, ғылыми жетістіктерін білім беру үдерісінде қолдана алатын, ізденімпаз жоғары білімді дербес, қосылатын, өндірістік және басқа да компьютерлер мен компьютерлік желілер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді (БҚ) әзірлеумен айналысатын маманды даярлау болып табылады.
6B07261 - Мұнай-газ ісі
БББ мақсаты - Мұнай және газ кен орындарын игерумен, өндірумен және тиімді пайдаланумен айналысатын бәсекеге қабілетті және жоғары білікті, сұранысқа ие мұнай мамандарын дайындау. Мұнай-газ ісі бакалавры мұнай өндіру саласындағы мекемелерде, колледждерде және оқу-өндірістік комбинаттар, оқу-курстық жүйелер, жұмыспен қамту орталығы мамандары мен біліктілігін көтеру мен қайта даярлау, дайындау орталықтарында жұмыс атқарады.
6В07365 – Құрылыс
БББ мақсаты - Әртүрлі мақсаттағы жаңа ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және салуға, қолданыстағы құрылыстарды тексеруге және қайта жаңартуға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті жан-жақты білімді, әлеуметтік-табысты мамандар даярлау
6B07155 - Электр энергетикасы (Электрмен жабдықтау)
БББ мақсаты – Бiлiм берудiң инновациялық әдiс-тәсiлдерiн, ғылыми жетiстiктерін пайдалана отырып электр энергетикасы саласының бiлiктi мамандарын даярлау, орта және жоғары оқу орындарына арналған о��улықтар мен оқу құралдарын шығару, егемендi елiмiзде ғылымның, бiлiмнiң дамуына үлес қосу. білім беру саласында бакалаврлар даярлау.
6B11380–Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
БББ мақсаты - көлік техникасы мен технологиясы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, өндірістік-технологиялық, жоғары кәсіби деңгейге ие, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, көлік, көлік техникасы және технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау
6В06151 – «Жасанды интеллект» қос дипломдық білім беру бағдарламасы Қызылорда ашық университеті мен Ташкент архитектура-құрылыс университеті арасындағы халықаралық әріптестік аясында жүзеге асырылады. Оқу үдерісі 1 және 4 курстарда Қызылорда ашық университетінде, ал 2 және 3 курстарда Ташкент архитектура-құрылыс университетінде ұйымдастырылады. Бағдарламаны аяқтаған түлекке "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бағдарлама жасанды интеллект әдістері, машиналық оқыту, үлкен деректерді өңдеу, интеллектуалды шешім қабылдау жүйелері, компьютерлік көру және табиғи тілді өңдеу бағыттарындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Түлектер интеллектуалды бағдарламалық шешімдерді әзірлеу, цифрлық трансформацияға қатысу, заманауи ақпараттық платформалар негізінде деректерді интеллектуалды талдау мен автоматтандыру технологияларын қолдану салаларында ғылыми-зерттеу, жобалық және қолданбалы қызметпен айналыса алады.