Сапа саласындағы академиялық саясат
Өмірдегі жетістіктерге - білім арқылы!
Сапа саласындағы академиялық саясаттың негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, Болон процесінің қағидаларын іске асыру, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық, республикалық және аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға және бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларға сұранысын қанағаттандыратын Университет қалыптастыру болып табылады .
Осы мақсаттарға жету үшін университет өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
- еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы білім беру қызметін ұсыну;
- білім, ғылым және өндірістің интеграциясын арттыру;
- студент жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған жағдайларды жақсарту, оларды өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму процесіне тарту;
- оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру;
- кадрлық саясатты жетілдіру және персоналдың белсенді кәсіби өсуін көтермелеп отыру;
- университеттің республикалық және халықаралық рейтингтерге қатысуын қамтамасыз ету;
- университеттің студенттері мен оқытушы-профессор құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында жоғары білімнің еуропалық аймағына одан әрі интеграциялану;
- білім мен ғылым саласында университетті ақпараттық қамтамасыз ету желісін одан әрі дамыту;
- халықаралық ынтымақтастық өрісін кеңейту;
- алға қойылаған мақсаттарға жетудің құралы ретінде сапа жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеуі мен дамуына қажетті жағдайлар жасау.
Қызылорда ашық университетінің білімдегі сапа саласындағы академиялық саясаты университет стратегиясының негізгі, ажырамас элементі және ЖОО-ң білім беру қызметін жоспарлау негізі болып табылады.
Қызылорда ашық университетінің сапа саласындағы саясатын орындаудың қажетті шарты оны университеттің барлық қызметкерлері түсінуі және оны күнделікті жүзеге асыруға ұмтылысы болып табылады.
Университет басшылығы отандық және әлемдік озық тәжірибені қолдана отырып, сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру және сапа саласындағы академиялық саясатты қадағалауға бақылау жүргізу жауапкершілігін өзіне алады