«Экономика және басқару» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.к. Айтуған Айзада Айтуғанқызы

6В04141 - Есеп және аудит;

6В04140 - Экономика;

6B11476 - Әлеуметтік жұмыс;

6В04142 - Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Кафедраның оқытушы-профессор құрамы – 19 адам, оның ішінде ғылым кандидаттары -13, магистрлер -3, аға оқытушылар -3.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Елпанова Мадина Абжалиевна

Елпанова Мадина Абжалиевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Еримбетова Бекзат Аристанбековна

Еримбетова Бекзат Аристанбековна

Экономика ғылымының магистрі, аға оқытушы

Примжанова Амина Абуталиповна

Примжанова Амина Абуталиповна

Аға оқытушы

Кафедраның негізгі міндеттері:

- кафедраға бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын, жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- кафедраға бекітілген оқу пәндерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

- кафедраның оқытушы –профессор құрамының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, жүзеге асыру;

- оқулықтар, оқу құралдарын, білім алушылардың біліміне ағымды, аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған әдістемелік құралдар дайындау;

- білім алушылар оқу материалдарын сапалы меңгеруі үшін жаңа технологиялар мен инновациялық бағдарламаларды пайдалану;

- білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және қажетті оқу-әдістемелік материалдармен жарақтандыру;

- кәсіпорындармен, мекемелермен іскерлік және әріптестік қатынастар қалыптастыру;

- кафедра түлектерін еңбекпен қамтуға ықпал ету;

- кафедраның оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру;

- бекітілген жоспарларға сәйкес ғылым зерттеулер жүргізу, ғылыми жобалар дайындау, олардың нәтижелерін өндіріс пен оқу процесіне енгізу.

«Экономика және басқару» кафедрасы түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен: «Бағдаулет» шаруа қожалығы, «Бағдаулет-57» фермер қожалығы, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен ынтымақтастық жасайды.

Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми-әдістемелік семинардың бекітілген жоспарларына сәйкес келесі ғылыми бағыттарда жұмыстар жүргізеді:

- Қызылорда облысының аграрлық өнеркәсібінің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін жетілдіру;

- Жұмыссыз халықтың бүгінгі күні, кедейшіліктің туындау себептері және олармен күрестің негізгі механизмдері;

- Мұнай - газ саласындағы логистикалық жүйелердің ерекшеліктері;

- Қызмет көрсету аясында көлік нарығына күрделі қаржы енгізудің экономикалық тиімділігі;

- Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары;

- Капитал нарығы және ақша-несие саясаты;

- Қазақстандық студент жастардың экологиялық санасы әлеуметтік белсенділіктің факторы ретінде;

- Қызылорда облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы;

- Экологиялық аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының мониторингі;

- Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту нарығының қалыптасуы.



Түйіндеме

ЕРЕЖЕ