19 қыркүйек 2024 жыл
Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы
Қызылорда ашық университеті тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі нысаны жоғары, техникалық және кәсіптік білім саласында білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби орнығуына бағытталған сапалы білім алу, оқыту және сабақ беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту мен әзірленімдерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоо кейінгі білімі, педагогика, психология немесе басқа сабақтас салаларда ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі немесе конкурстық лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы. Білім беру және тәрбие саласында кемінде бес жыл ғылыми және ұйымдастырушылық тәжірибесі болуы.
Конкурсқа қатыса алмайтындар:
1) жасы жиырма беске толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;
3) өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы барлар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұратындар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) бекітілген үлгідегі өтініші;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Конкурсқа қатысушының қызмет тізімдері, бекітілген үлгідегі көлемі 3x4 түрлі-түсті суретімен;
4) білімдері туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларымен қоса беріледі;
5) еңбек жолын растайын құжаттың жұмыс орнындағы (іс жүзіндегі не соңғы) кадрлық қызмет куәландырған көшірмелері;
6) денсаулық жағдайы туралы № 075/у үлгідегі медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде жүйке-неврологиялық ұйымнан берілген анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес, лауазымға орналасуға тыйым салынбағандығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасының басшысына ұсыну қажет. Мекенжайы: Қызылорда қ-сы, Ғ.Мұратбаев көшесі 72 үй, 207 кабинет, телефон: +77017246995.