Махмутова Алия Ертаевна – аға инспектор
Миссиясы: Мұрағат бөлімі университеттің тарихи және әкімшілік құжаттарын сақтауды, жүйелеуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бөлім Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңнамасын басшылыққа ала отырып, құжаттық мұраны сақтап, оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Міндеттері:
- Университеттің құжаттарын жүйелеу және ұзақмерзімді сақтауға қабылдау.
- Құжаттардың сақталуын, рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғалуын қамтамасыз ету.
- Архив құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу және есепке алу.
- Құжаттарды пайдаланушыларға қажетті мәліметтерді беру үшін іздеу жүйесін ұйымдастыру.
- Архив қорларын толықтыру мақсатында жаңа материалдарды жинау және сақтау.
- Университеттің әкімшілік және оқу құжаттарын реттеуді қамтамасыз ету.
Құжаттық хронологиялық шекара: 1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін.
|