|
Миссиясы: Есеп бөлімі университеттің қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, ресурстарды ұтымды пайдалану және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін толық және шынайы ақпарат қалыптастыруға бағытталған. Бөлім Қазақстан Республикасының қаржылық есепке алу стандарттарына сәйкес қызмет етеді.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен құжаттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізу.
- Университет қызметінің қаржылық нәтижелері мен шаруашылық процестері туралы шынайы ақпарат қалыптастыру.
- Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына бақылау жасау.
- Салықтарды есептеу, аудару және салық декларацияларын жасау.
- Сыртқы міндеттемелер мен қаржыландыруды бақылау.
- Негізгі құралдарды, айналым қорларын және ақша қаражаттарын есепке алу.
- Ақша қаражаттарына, тауарлы-материалдық қорларға және есептесулерге түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету.
- Қаржы-шаруашылық қызметке аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізу.
- Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттардың орындалуын бақылау.
- Университет шығыстар сметасын және басқа қызметтердің орындалуын қадағалау.
- Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлауға және тағылымдамасын қаржыландыруға бақылау жасау.
- Есеп бөлімінің даму жоспарын әзірлеу және іске асыру.
|