Ғылым басқармасы
Сайлаубекова Нуржамал Сайлаубековна Техника ғылымдарының кандидаты Ғылым басқармасының басшысы
|
|
Бөлімінің негізгі мақсаттары: - Қызылорда ашық университетінің ғылыми-зерттеу қызметін құрылымдық және басқарушылық оңтайландыру және жандандыру; - университеттің академиялық және салалық ғылымдарын интеграциялау; - университет ғалымдарының іргелі, қолданбалы зерттеулері мен техникалық әзірлемелерінің деңгейін арттыруды және көлемін ұлғайтуды ғылыми-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; - білім алушы жастардың ғылыми шығармашылығын дамыту; - ғылым мен білім берудің әлемдік жүйесіне кіру мақсатында ғылыми орталықтармен және оқу орындарымен халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту; - зерттеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау, сондай-ақ ғылыми жобалар мен зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
|
Бөлімде іргелі зерттеулер жүргізілуде, олардың бірі «Күріш ауыспалы егісінде фосфогипсті көпқұрамды тыңайтқыш ретінде қолдану технологиясын әзірлеу» тақырыптың жетекшісі бөлімнің аға ғылыми қызметкері а/ш.ғ.д., профессор Таутенов Ибадулла Айғалиұлы және бірлескен орындаушылар бөлімнің кіші ғылыми қызметкерлері х.ғ.м. Сейтхан Халифа Ағытайқызы, Жұбандық Гүлсезім Самұратқызы.
ЕРЕЖЕ