Кітапхана
Қызылорда ашық университеті кітапханасы Кітапхана- ақпарат қажеттілігін атқарушы, мәдениетті өркендетуші орталық, өркениет символы. Кітапхананы пайдаланушыларға кітапхананың қызмет сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрлі және жаңа қызмет түрлерін көрсету болып табылады. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, оқу залы, электронды оқу залы қызмет көрсетеді. Қызылорда ашық университеті кітапханасының жалпы қорындағы әдебиеттер саны-214525 дана. Кітапхананың негізгі бағыттары:
Кітапхана қоры жалпы білім беру,гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, арнайы, жалпы кәсіптік пәндер бойынша оқулықтар, оқу- әдістемелік және ғылыми әдебиеттер, көркем әдеби шығармалар,анықтамалықтар және энциклопедиялармен қамтамасыз етілген. Кітапхананың негізгі мақсаты- кітап қорын сапалы жинақтау, университетте оқытылатын мамандықтарды кітаппен қамтамасыз ету, оқырмандарға тиімді ақпараттық орта құру және ақпарат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасау. Кітапхана «KazSoft» компаниясы құрастырған «КАБИС-2.1» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Кабис бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру және электронды тасымалдағыштағы оқулық, оқу - әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу мақсатында КАБИС бағдарламасы бойынша электронды каталог құрылды. Электрондық каталог арқылы тапсырысты іздеуде ақпараттық мағлұмат беріледі. Студенттерге, оқытушыларға жалпы ғылыммен айналысатын пайдаланушыларға ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық, әрі ұтымды кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетеді. Кітапхананың негізгі және алға қойған міндеттері:
Кітапхана мәдениет пен рухани байлықтың ошағы болғандықтан университетте сала мамандарын дайындауда, студенттерді патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу университет кітапханасы үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда университетте өткізілетін көпшілік іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене ат салысады.
Қазіргі уақытта, жоғары оқу орындарында кітаптарды цифрлау - өзекті мәселе. «КАБИС» бағдарламасының «Каталогизация» модуліне дәстүрлі кітаптардың сканерленген электронды нұсқасы енгізіліп, электронды кітапхана жасалды. Білім алушылар мен оқытушылардың сұраныстарына орай қазақ және шетел жазушыларының көркем әдеби шығармаларының электронды нұсқасы QR код арқылы оқылатын «Мобильді кітапхана» атты стенд жасалды. Кез-келген білім алушы шығармалардың электронды нұсқасын мобильді қосымша арқылы QR-кодты сканерлеп, жүктеп оқи алады.
|