Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы
Миссиясы:
Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасы университет студенттерінің рухани, мәдени, әлеуметтік және азаматтық дамуын қолдау арқылы олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Басқарма жастар саясатын жүзеге асырып, студенттердің қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Міндеттері:
- Студенттерді отан сүйгіштікке, құқықтық мәдениетке және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Жастардың рухани және өнегелік дамуын қамтамасыз ету.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарды қолдау.
- Қоғамдық белсенділікті арттыру және көшбасшылық дағдыларды дамыту.
- Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
- Университеттегі мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
- Волонтерлік қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдарды қолдау.
- Студенттік ұйымдар арқылы іс-шараларды үйлестіру, оның ішінде «Жастар ісі жөніндегі комитет», «Жасыл ел» және «Құрылыс» студенттік жасақтары, жатақхананың студенттік кеңесі.
- Пікірталас клубтары, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, фестивальдер және басқа да мәдени іс-шараларды өткізу.
![]() |
![]() |