Ғылыми кеңес
Қызылорда ашық университетінің Ғылыми кеңесі университет қызметінің ең маңызды мәселелерін алқалық қарау мақсатында құрылған сайламалы өкілетті орган болып табылады.
Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, белгілі ғалымдар, студент-жастардың, қызметкерлер мен студенттердің кәсіподақ комитетінің өкілдері кіреді.
Өз қызметінде Ғылыми кеңес ҚР «Білім туралы» заңын, ЖОО қызметін ұйымдастырудың үлгі қағидаттарын, ЖОО Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі қағидаттарын, Қызылорда ашық университетінің Жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
- сапалы кәсіби дайындықты қамтамасыз етуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған университет ұжымының әлеуетін біріктіру;
- университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулерді дамыту, университеттің одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Ғылыми кеңестің жұмысы оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.
Ғылыми кеңестің өкілеттігіне университеттің құрылымын бекіту, стратегиялық даму жоспарын бекіту, даму тұжырымдамасын айқындау, жоғары кәсіби білімнің көп деңгейлі жүйесінде мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындау кіреді. Жыл сайын ғылыми кеңестің мәжілістерінде атқарылған жұмыстар туралы ректордың есебі, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеушілік, тәрбие жұмыстарын жүргізу түрлері мен әдістері туралы проректорлардың, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының есептері тыңдалады.
Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, университеттің ақпараттық және қаржы-шаруашылық жұмыстары, оқытушылар мен студенттерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелері Ғылыми кеңестің назарында болады. Ғылыми кеңестің мәжілістерінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының білім және ғылымын дамытудың «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы, ҚР Үкіметінің шешімдері мен қаулыларының орындалу барысы қаралады.