Жаңа кітаптар көрмесі: Білімге жаңа қадам
Қызылорда Ашық Университетінің кітапханасында оқу орнындағы жаңа әдебиеттерді таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптар» көрмесі өтті. Бұл іс-шара студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа әдебиеттер арқылы олардың танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталды.
Көрмеге педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту, инклюзивті білім беру, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, дизайн, кітапхана ісі, экономика, құқықтану, экология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ ісі, құрылыс, мәдени тынығу жұмысы, көлікті пайдалану және тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс сияқты салалар бойынша жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қойылды.
Кітапханашылар студенттерге жаңа әдебиеттердің мазмұнын таныстырып, олардың оқу үдерісіндегі маңызын ерекше атап өтті. Көрмеге ДО-24-1 және ПП-24-1 оқу топтарының білім алушылары қатысып, инклюзивті білім беру, мектепке дейінгі оқыту, бастауыш сыныптарда ойын технологиясын қолдану, бос уақытты тиімді ұйымдастыру тақырыптарындағы кітаптарға ерекше қызығушылық танытты.
Бұл көрме білім алушыларға кітап әлеміне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби және зияткерлік дамуына серпін берді.