Халықтар достығы университетінің 25 жылдығы: білім саласындағы маңызды кездесу 🎓
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті өзінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті! Бұл ауқымды іс-шараға еліміздің және шетелдің беделді білім ордаларының өкілдері, ғалымдар, депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
🔹 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы қонақ ретінде қатысып, университеттің жетістіктерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, ҚР ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов, ҚР Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, сондай-ақ шетелдік университет ректорлары мен ғалымдар белсенділік танытты.
🔹 Университеттің 25 жылдығы аясында бірқатар маңызды нысандардың ашылу салтанаты өтті. Атап айтқанда:
✅ “Достық” спорт кешені – халықаралық стандарттарға сай заманауи нысан;
✅ “Next Step” ғылыми-зертханасы және академик Ә. Қуатбеков атындағы ғылыми-зерттеу кабинеті;
✅ IT HUB және Coworking Zone – студенттердің инновациялық жобалары мен зерттеулері үшін жаңа алаңдар;
✅ 7 қабатты жаңа оқу корпусы – цифрлық технологиялармен жабдықталған акт залы бар заманауи білім кеңістігі.
📍 Сонымен қатар, шетелдік және отандық ЖОО-лар арасында ынтымақтастық туралы маңызды келісімдерге қол қойылды. Қызылорда ашық университеті де бұл маңызды шарада өз орнын алды Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі проректордың м.а. Айсұлу Мұхамбетжанқызы университет атынан қатысып, білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға үлес қосты.
📚 Білім – болашаққа салынған инвестиция! Осындай ауқымды іс-шаралар жоғары білім жүйесін дамытуға зор ықпал етеді. Қызылорда ашық университеті болашақта да білім саласындағы әріптестікті арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға дайын!