Астанада Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысы өтті

 

Астанада Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» атты жұмыс секцияларының отырысы өтті.

Президенттің көмекшісі Руслан Желдібай, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек секциялардың модераторы болды.

Жиын басында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, құрылтайдың биылғы қызметінің негізгі бағыттарын атады. Ол Президенттің қаңтар айында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде айқындалғанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші реформалардың нақты нәтижелері ретінде мемлекет тарапынан ғылым мен білімді қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынғаны айтылды. Атап айтсақ, қоғамда ғалымдардың мәртебесі артқаны сөз болды.

Жұмыс секцияларының отырыстарында Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамалары мен ұсыныстарының орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту, берекелі бірлікті нығайту, адам құқықтарын қорғау, мәдени-рухани даму және әлеуметтік мәселелерді шешу саласына қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.