7 ақпан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
🔰 7 ақпан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми қауымдастық пен бизнес өкілдері жиналып, еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.
🔰 Отырыс барысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Ерекше назар аударылған бағыттар:
✅ Сұранысқа ие мамандарды даярлау – еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бейімделген кадрларды қалыптастыру;
✅ ЖОО-лардың инновациялық экожүйесін дамыту – жаңа технологиялар мен стартаптарды енгізу;
✅ Ғылыми әлеуетті нығайту – зерттеушілерді қолдау және технологиялық саясатты дамыту;
✅ Білім мен ғылымның цифрлық трансформациясы – онлайн білім беруді кеңейту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу;
✅ Мемлекеттік тіл саясаты және осы саладағы жаңа бастамалар.
🔰 Жас ғалымдарды қолдау да отырыстың маңызды тақырыптарының бірі болды. Іс-шара аясында жас зерттеушілерге тұрғын үй сертификаттары табысталды. Бұл – олардың жұмыс істеуі мен өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Мұндай қолдау болашақта қазақстандық ғылымның дамуына серпін беріп, жас ғалымдарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
🔰 Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Бекқожақызы қатысты.
🔰 Алдағы уақытта бізді ғылым, білім және технологиялық прогресс саласында үлкен жетістіктер күтіп тұр деп сенеміз!