Халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

 

Халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

🔹Қызылорда ашық университетінде Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ғалымы, заң ғылымдарының докторы Аманлык Гулимов білім алушылармен кездесіп, дәріс өтті.

🔹Жиынға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Криминалистикалық оқу зерттеу зертхана жетекшісі Марат Садықов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Ерлан Алтаев қатысты. Сонымен қатар, шетелдік ғалым оқу орнының "Құқықтану" БББ-ның профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасты.

🔹Кездесу барысында криминалистикалық оқу зерттеу лаборатория жетекшісі Марат Садықов криминалистика саласындағы жаңашылдық пен ғылыми ізденістер туралы маңызды мәселелерге тоқталды.