Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні құрметіне арналған «Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күні» тақырыбындағы әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды.

Қызылорда ашық университетінің құрылған күні және қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні құрметіне арналған «Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күні» тақырыбындағы әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды.

 Мақатаев өмірінен алынған театрландырылған қойылым, ақынның сөзіне жазылған әуендер, вальс, ақынның жыр шумақтарын нақышына келтіре орындау сонымен қатар, университеттің құрылған күніне арналған арнау оқылып, өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 Кеш барысында университет ректорының міндетін атқарушы Көктем Ақарысұлы дәстүрлі «Ай үздігі» номинациясының жеңімпаздарын марапаттады.