Қызылорда ашық университетінің құрылған күніне орай жазылған университеттің аға оқытушысы Шынжырбай Роза Айбергенқызының АРНАУЫ

Көкірегімді қуаныш кернеп тұр қазір,

Санам да сайрап, төгуге түгел тұрды әзір.

Сен бір белестен белеске аттаған сайын,

Жазуға көштім жылда жыр.

 

Жықпаған жерге, сыйлаған жігер, үгітті,

Табасың тұла-бойынан терең, тұнықты.

Қазаны қайнап, бұрқырап жатқан бұл маңның,

Ұстаздары бар білікті.

 

Қажет деп таныр, қабілет-қарым, кеңесін,

Сенім мен бірлік егіз десе де сенесің.

Жұдырық болған жұмылса ұжымдастарым:

жылжытқан ғылым кемесін.

 

Жасампаздықтың жаршысы болып жалғаған,

Жастықтың жалын жасындай болып, аумаған.

Талантын танып, тағдырын түзеп талайдың,

Шәкірт жүрегін жаулаған.

 

Көрік беретін ғимаратқа да мәселен,

Тәртіп бұзса да, адамдығы үшін кешер ең.

Білім алуда, ертеңгі елдің тұтқасын

ұстайтын бір-бір жас өрен.

 

Жаны мен жады жақсылар артып, жиылсын,

Шығып тұр шатттық, жадырап жаңа күйім шын.

Сыр бойындағы бағындыратын белестің,

Ең көбі бізге бұйырсын!

 

Маманға берер мүмкіндік, серпін, жолдама,

Биік қылатын талабын таудай сол ғана.

МАХАББАТ  деген ең алғаш қызмет қылғаның,

АШЫҚТАЙ БІЛІМ ОРДАҢА!

 

Бақыт боп қонсын, бағыты үшін асқан бақ,

Шамшырақ, шырақ төгеді шашып, тосқанға от.

Ұл-қызы жарық, жұлдызы жанып шығады,

Ашықтың аты аспандап!