«Досыңа кітап сыйла» челленджі
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапхана оқырмандары арасында «Досыңа кітап сыйла» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға кітапханашылар А. Сейіл, А. Егізбаева, Қызылорда ашық университетінің БД-24-1 оқу тобының білім алушылары Х.Сақтағанова, А.Сыдық, Р.Қайырбек, Е.Шынтемірқызы кітапхана қорына өздерінің оқып шыққан Д.Исабековтың «Қарғын», С.Мұратбековтың «Жусан иісі», «Бейбарыс» т.б. шығармаларын сонымен қатар челленджге қатысқан Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі ВТ-24-0, ОП-24-0 оқу тобының білім алушылары Жорабек М., Әмірова К., Алтынбек Н., Сабырұлы Е. қазақ әдебиеті жазушылары Б. Майлиннің, Ә.Нұршайықовтың, Т.Айбергеновтың, А. Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдері мен шығармаларын кітапхана қорына сыйға тартты.
Челленджге қатысушылар өздері оқыған, белгілі жазушылардың туындыларынан қысқаша үзінділер мен жыр жолдарын оқыды.
Кітапханашылар білім алушыларға әлем ұлыларының кітап туралы даналық ой-пікірлері туралы айтып, кітапхана қорындағы әдебиеттерді оқуға шақырды.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, кітаптың қоғамдағы ролін арттыру. Адамзат баласының ой-санасын рухани жаңғыртатын бірден-бір құрал- кітап екенін жеткізе білу.