Білім алушылар жүзуден практикалық дәріс алды

⚜️Қызылорда ашық университетінің “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практикалық сабақ өтті. Бұл сабақта білім алушылар “Жүзу” пәні бойынша теория мен тәжірибені ұштастырып, жүзу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Сабақ барысында студенттер жүзудің негізгі әдістерімен танысып, оларды тәжірибеде қолдануды үйренді. ️Практикалық сабақта оқытушы Әмір Шынболат жүзу техникасын көрсетіп, студенттерге жүзу дағдыларын жетілдіруге арналған арнайы тапсырмалар берді. Бұл мүмкіндік студенттерге теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға және жүзу саласындағы дағдыларын дамытуға айтарлықтай ықпал етті. ️Жалпы, сабақ студенттерге тек теориялық білімді емес, сонымен қатар кәсіби дағдыларды меңгеруге көмектесіп, олардың физикалық дайындығын арттыруға зор мүмкіндік берді.