ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қызылорда ашық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Джунуспаев Ильяс Айдосулы «Тұран-Астана» университетінде бір академиялық кезең бойы білім алуда.

Университеттер арасындағы келісімнің арқасында студентіміз оқу бағдарламасын сәтті меңгеріп, білім беру үдерісіне белсенді қатысып, студенттер және оқытушылармен тәжірибе алмасып, құнды білім мен дағдылар жинақтауда. Жаңа академиялық ортада білім ала отырып, Ілияс жоғары нәтижелер көрсетіп, кәсіби құзыреттіліктерін кеңейтіп, өз қабілеттерін дамытуды жалғастыруда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге жеке және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, оларды халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялауға ықпал етеді. Ильястың оқуында табысқа жетуін және болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізуін тілейміз!