ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қызылорда ашық университеті халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті кеңейтуді жалғастыруда. Академиялық ұтқырлықты, білім беру және ғылыми бастамаларды дамыту аясында Баишев университетімен (Ақтөбе қ.) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Бұл келісім жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуға, студенттер мен оқытушылар алмасуына, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, білім беру бағдарламаларын дамытуға және басқа да академиялық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

 

Ынтымақтастық екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, білім алмасуға, инновациялық білім беру әдістерін дамытуға және академиялық ұтқырлықты нығайтуға ықпал етеді.

 

Қызылорда ашық университеті студенттер мен оқытушыларға кәсіби даму үшін жаңа перспективалар ұсынып, халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.