Жаңа технологиялар және өндіріспен ынтымақтастық

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті.

Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналды.

Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

«Жұмысшы мамандықтар» қаласында Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің көрме нысандары, сондай-ақ «Мамандығым – Болашағым» жобасы ұсынылған.

 «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа кәсіптердің Өңірлік атластарын әзірлеу бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды. Атап өтер болсақ, қазіргі уақытта жоба 9 аймақты қамтиды және оны барлық өңірлерді толықтай қамту жыл соңына дейін жоспарланған. Сондай-ақ жоба аясында экономиканың 43 саласында 500-ден астам жаңа кәсіп анықталды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/938775?lang=kz