Евней Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл
Биыл қазақ ғылымының жарық жұлдызы, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 100 жыл. Оның елге сіңірген еңбегі мен ғылымға қосқан үлесі – ұрпаққа рухани азық, баға жетпес мұра.
Осы айтулы датаға орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісі» және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттерінің қатысуымен «Евней Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ғалымның өмірбаяны, ғылыми еңбектері, аударма саласындағы ізденістері мен ол туралы жазылған зерттеулер ұсынылды. Сондай-ақ, орыс классикалық шығармаларының қазақ тіліне аудармасына жасаған сыни талдаулары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары да оқырман назарына ұсынылды.
Бұл көрме Евней Бөкетовтің еңбектерін насихаттауға және жас ұрпақты ғылым мен білімге баулуға бағытталған маңызды шара болды. Ғалымның бай мұрасы әлі де зерттеліп, келешекке бағыт-бағдар берері сөзсіз.