УНИВЕРСИТЕТТЕ ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ ӨТТ
Кызылорда ашық университетінде дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ ұйымдастырылды. «Волейбол добын екі қолмен жоғарыдан беру, волейбол добын екі қолмен жоғарыдан қабылдау» тақырыбында өткен бұл сабаққа ФКС-24-1, БД-24-1, ЭЛ-24-1, Д-24-1, КДР-24-1 оқу топтарының студенттері қатысты.
Ашық сабақты «Педагогика» кафедрасының оқытушысы Алдаберген Нұрқанат Нұрлыбекұлы жүргізді. Сабақ барысында студенттерге волейбол ойынының негізгі техникалық элементтері үйретіліп, олар өз дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады. Сабақтың мақсаты – студенттердің дене дайындығын арттырып, волейбол ойынының тактикалық және техникалық қырларын меңгеруге ықпал ету.
Оқу үдерісінде студенттер белсенділік танытып, өз шеберліктерін шыңдады. Ашық сабақ қызықты әрі пайдалы өтті, қатысушылар спорттық дағдыларын дамытып қана қоймай, командалық рухты нығайтуға да мүмкіндік алды.