ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Кызылорда ашық университетінде белсенді білім алушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі «Ай үздігі» номинациясының жеңімпаздары анықталды. Бұл атақ оқу ордамыздың мәдени-танымдық іс-шараларына тұрақты түрде қатысып, білім мен қоғамдық жұмысты ұштастыра білген үздік студенттерге беріледі.
Қаңтар айының үздіктері:
- Утаралы Жансая Мирамбекқызы – ПМНО-24-1 оқу тобының студенті, талантты биші.
- Төлеген Сәлімжан Талғатұлы – Эс-23о оқу тобының студенті, өнерлі биші.
- Сая Айбекқызы – Вт-24о оқу тобының студенті, биші әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент.
Білім алушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Олардың табыстары университетіміздің мәдени өміріне тың серпін беріп, өзгелерге үлгі болары сөзсіз.
Жеңімпаздарға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!