«ҚАРЖЫЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ» САЙЫСЫ: БОЛАШАҚ ҚАРЖЫ МАМАНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕСІ
Бүгін Экономика және басқару кафедрасының 1 курс студенттері арасында студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ақша басқару, бюджетті жоспарлау дағдыларын дамыту, инвестициялық шешім қабылдау қабілетін жақсарту мақсатында «Қаржылық интеллект» танымдық сайысы өтті.
Аталмыш сайыс 4 кезеңнен тұрды. Атап айтқанда:
І кезең - Таныстыру
2 кезең - Сұрақ-жауап
3 кезең - Бюджет құру
4 кезең - Инвестициялау
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын иегерлері «Болашақ экономистер» 94 ұпай көрсеткіште;
II орын жүлдегерлері «Қаржы белсенділері» 86 ұпай көрсеткіште марапатталып, арнайы естелік сыйлықтары табысталды.