ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Қызылорда ашық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушылары Примжанова Амина Абуталиповна, Ахметова Гулназ Якудақызы № 5 мектеп-лицейі және № 8 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына арнап, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жоғары сынып оқушыларының қабілетін бағамдап, болашақ кәсібін таңдауға жәрдемдесу.