ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАШКЕНТ АРХИТЕКТУРА-ҚҰРЫЛЫС УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қызылорда ашық университеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды жалғастыруда. Академиялық өзара іс-қимылды кеңейту аясында Қызылорда ашық университеті мен Ташкент архитектура-құрылыс университеті (Өзбекстан Республикасы) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа Қызылорда ашық университетінің ректоры Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы мен Ташкент архитектура-құрылыс университетінің ректоры Тулағанов Бахром Абдуқабилұлы қол қойды. Келісімнің негізгі мақсаты – университеттер арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту және ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Келісім келесі бағыттарды қамтиды:
-
профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер және студенттермен алмасу;
-
білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын бірлесе әзірлеу;
-
академиялық ұтқырлық пен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру;
-
бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар мен семинарлар өткізу;
-
халықаралық гранттарға қатысу үшін бірлескен жоба ұсыныстарын әзірлеу.
Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттері, оқытушылары мен зерттеушілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, білім беру бастамаларын дамытуға және халықаралық академиялық алмасуды нығайтуға ықпал етеді.
Қызылолорда ашық университеті халықаралық байланыстарды кеңейту бойынша белсенді жұмысын жалғастырып, студенттер мен оқытушыларға халықаралық деңгейде озық білім беру және ғылыми мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етуде.