«Қазақты әлемге танытқан қаламгер»
Қызылорда ашық университетінің және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Іс-шараға Қызылорда ашық университетінің «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушысы Есмагамбетова Г.К. және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің НО-24-0, ВТ-24-0, ЭиПД-24-0, ВТ-22-0 оқу топтарының білім алушылары мен оқытушылары, сонымен қатар қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 6 филиалының кітапхана меңгерушісі Аманова К.А. қатысты.
Қазақ әдебиетінде алғаш болып тарихи тақырыпқа қалам тербеп, оқырманды өткен күндердің белесіне самғата білген шебер жазушы Ілияс Есенберлин шығармаларына арналған іс –шараға қатысушы білім алушылар жазушының «Айша», «Намыс» «Адам - мәңгілік» дастандарынан үзінділері мен «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын мәнерлеп оқыса, Қызылорда ашық университетінің БД-24-1 оқу тобының білім алушылары Шынтемірқызы Е., Сыдық А. «Ғашықтар», «Қаһар» романынан үзінділер оқып, тыңдармандардың көркем шығармаларына деген қызығушылығын оятты.
Шара барысында білім алушылар қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, І. Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Жанталас» , «Қаһар», «Алтын орда» т.б. шығармаларымен танысты. Осы трилогияның желісі бойынша экраннан 2005 жылы қазақ-француз бірлесіп түсірген "Көшпенділер" фильмі көрсетілді.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен кітапхана меңгерушісі Сейіл Ақзира Орынбасарқызы таныстырып, жазушының шығармашылығының маңызы туралы әңгімелеп, іс-шараны қорытындылады.
Жазушының халқының ұлт ретінде қалыптасу жолындағы күресін бейнелеген рухани мұрасы, тамаша қайталанбас туындылары қазақ әдебиетіне қосқан баға жетпес үлесі болып қала береді.