КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылары №189 орта мектебі, № 287 орта мектебі, № 10 мектеп-лицейі, №173 орта мектебі, 212 мектеп-гимназиясы, № 222 орта мектебі, № 267 орта мектебі, № 101 мектеп-лицейі, № 278 мектеп-лицейі, № 120 орта мектебі, № 9 мектеп-гимназиясы, № 136 мектеп-лицейінің оқушыларына арнап кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында университет оқытушылары оқушыларға жоғары білім алу мүмкіндіктері, мамандықтар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, студенттердің таңдаған мамандықтарына сай практикалық дағдылар мен білімді дамыту үшін қандай оқу бағдарламалары ұсынылатынын айтып өтті.