BINAR 2025
Серіктесіміз Universitas Terbuka (UT), Индонезия, БИНАР 2025 - 2-ші халықаралық жазғы лагерь бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдаудың ашылғанын хабарлайды!
Құрметті Қызылорда ашық университетінің студенттері!
Сіздерді бағдарламаның іріктеу кезеңдеріне белсенді қатысуға шақырамыз 🌏✨
BINAR – бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттерді біріктіретін ерекше мәдени және академиялық алмасу бағдарламасы. Ол Сізге Индонезия мәдениетіне терең үңіліп, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамытуға және Джакарта мен Джокьякарта сияқты әсем қалаларды көруге, танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шәкіртақы алу арқылы бұл бағдарламаға қолжетімді түрде қатысуға болады!
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады:
🔹 Онлайн кезең (мамыр – маусым)
📌 100 қатысушы
📌 16 сабақ (8 апта)
📌 Индонезия тілі (BIPA)
🔹 Офлайн кезең (Индонезияда өтеді) (1–15 қыркүйек)
📌 20 үздік қатысушы іріктеліп алынады
📌 2 апталық бағдарлама
📌 Индонезия мәдениетін зерттеу
📌 Қорытынды жоба
📅 Конкурсқа қатысудың негізгі мерзімдері:
📌 3 наурыз – 27 сәуір – өтінімдер қабылдау және іріктеу
📌 Мамыр – маусым – онлайн оқыту
📌 Шілде – тамыз – Офлайн қатысуға құжаттарды дайындау
📌 1 қыркүйек – 15 қыркүйек – Индонезиядағы кезең
🎉 Бағдарлама барысында қатысушылар білім беру экскурсияларына қатысып, Universitas Terbuka-ның 41 жылдық мерейтойын атап өтіп, қорытынды жобаларын ұсынады.
💰 Қаржыландыру:
Universitas Terbuka төмендегі шығындарды өтейді:
✔️ Оқу ақысы мен бағдарлама шығындары
✔️ Джакарта мен Джокьякартадағы тұрғын үй
✔️ Тамақтану және жергілікті көлік шығындары
✔️ Джакарта – Джокьякарта ішкі рейс билеттері
✔️ Шәкіртақы (стипендия)
2-ші кезеңге өткен жағдайда қатысушы тарапынан өтелетін шығындар:
✈️ Индонезияға дейін және кері үйге дейінгі қайту жол шығындары
🛂 Сақтандыру және виза (қажет болған жағдайда)
🎒 Жеке шығындар.
📌 BINAR 2025 бағдарламасына қатысу мүмкіндігін құр жіберіп алмаңыз!
📥 Толық ақпарат пен өтінім алу үшін Ғ. Мұратбаев к-сі 72, 304 каб. келіңіздер, күтеміз!
+7 777 562 1715- Қасиет Жантөреқызы.