МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылары №12 мектеп-лицейі, №253 орта мектебі, №143 орта мектебі, №268 мектеп-лицейі, №112 орта мектебі, №261 орта мектебі, №233 орта мектебінің оқушыларына арнап кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіби бағдар беру жұмысында жоғары сынып оқушыларына қазіргі заманғы технологиялар мен инновациялар, жаңа салалар мен бағыттар, әр мамандықтың ерекшеліктерін, оның талаптарын, жұмыс жағдайларын және басқа да маңызды аспектілерін түсіндірді.