«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ЖҮРЕГІ»: 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел – әлемнің жүрегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында ерлер ұжымы нәзік жандыларды құттықтап, ерекше ілтипат көрсетті.
Мерекелік кеште Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М.Ж. Тлеумбетов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Ә. Есмаханов, қалалық мәслихат төрағасы және «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы И.Д. Құттықожаев қызметтегі аруларға арнайы алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, белсенді студенттер ән шырқап, өнерлерін ортаға салып, шараға ерекше көрік берді. Ізгілік пен сұлулық, даналық пен рухани күш салтанат құрған бұл күні аяулы аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетілді.