МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ✅
🔰2025 жылдың 28 наурызында Қызылорда ашық университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында білім беру, ғылыми зерттеулер және инновациялық жобалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
📌Бұл құжат екі университеттің бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген. Меморандум екі тараптың өзара түсіністігі мен білім саласындағы жетістіктерді арттыруға бағытталған ортақ мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.