🔊БАЙҚАУ БАЙҚАУ БАЙҚАУ
🔊БАЙҚАУ БАЙҚАУ БАЙҚАУ
15 сәуір - Қозы Көрпеш- Баян сұлу күнінің құрметіне орай өтетін «Махаббат менің түсінігімде» атты бейнероликтер байқауына қатысуға шақырамыз!✨
📌 ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛАДЫ.
Қатысушылар ұсынылатын бағыттардың арасынан біреуін таңдай алады:
1. «Алтын шаңырақ» бағытында отбасы құндылығы, ата-әже мен әке-шешенің салиқалы ұрпақ жалғастырып, отбасының бірлігі, татулығы көрсетілуі қажет.
2. «Ғашықтың аты өлмейді» бағытында ел тарихында ізі қалған немесе қазіргі кезеңдегі танымал ғашық жұптардың танысу тарихы көрсетілуі керек.
3. «Дәстүрім – қазынам» бағытында отбасы құндылығына немесе отбасын құруға қатысты салт-дәстүрлер қойылады.
4. «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» бағыты бойынша қатысушылар өзі қалаған формат бойынша (ән айту, мәнерлеп өлең оқу, монолог немесе т.б.) ғашығына шынайы түрде ойын жеткізе білуі немесе құттықтауы қажет.
Байқаудың жалпы шарттары:
1. Қатысушы Қызылорда ашық университеті немесе Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің білім алушысы болуы шарт.
2. Қатысушы жеке студент, оқу тобы немесе оқу орнының өз қалауы бойынша бірлескен студенттері бола алады.
3. Қатысушылар бейнероликті түсіріп, өңдеп, ұйымдастырушы тарапқа жіберуі керек.
4. Бейнеролик уақыты 3:00 минуттан аспауы қажет.
5. Бейнероликте қатысушылардың сөйлеуі, дыбыс қосуы міндеттеледі.
6. Бейнеролик сапасына, тақырыпты ашуына, мағынасына мән беріледі.
7. Қатысушылар жұмыстарын 10 сәуір күні 18:00-ге дейін ұйымдастырушы тарапқа жіберуі тиіс.
8. Бейнероликтер инстаграм желісінде 11 сәуір күні жарияланады.
💥Байқау қорытындысы 15 сәуір - Қозы Көрпеш Баян сұлу күнінде жарияланып, марапатталады.
Баршаңызға сәттілік!🤗💐