Белгілі ғалым Әбдіжәлел Бәкір - 85 жаста

Белгілі ғалым-ұстаз, қоғам қайраткері, журналист, саясаттану ғылымдарының докторы профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкірдің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл маңызды шара еліміздің ғылым мен білім саласына сүбелі үлес қосқан

 ғалымның еңбегін ұлықтауға арналды.

📌 Мерейтойлық жиынға Қызылорда ашық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов арнайы қатысып, ғалымның ерен еңбегін атап өтіп, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде Әбдіжәлел Бәкірдің ғылыми мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі, қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесуде мерейтой иесінің ғылымға қосқан үлесі, жас ғалымдарға көрсеткен тәлім-тәрбиесі, сондай-ақ ұлт руханияты мен елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбегі кеңінен баяндалды. Әбдіжәлел Қошқарұлының зерттеулері мен ғылыми ізденістері – тек білім мен ғылым саласында ғана емес, жалпы қоғамның рухани дамуына да ықпал еткен құнды мұра.

Ғалымның ұлт мүддесін қорғаудағы қайраткерлік жолы, ғылыми жаңалықтары мен ұстаздық тағылымы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек.

Баршаңызға сәттілік!🤗💐