ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ!
Білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қызылорда ашық университеті мен Халықаралық білім беру корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
🤝 Келісім аясында келесі бағыттарда жұмыс жүргізіледі:
🔹 Академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары
🔹 Ғылыми зерттеулер мен тағылымдамалар
🔹 Оқытушылар мен студенттермен алмасу
🔹 Бірлескен ғылыми жобалар, конференциялар, семинарлар
Бұл серіктестік — білім беру кеңістігіндегі жаңа мүмкіндіктердің бастауы!