💡БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР - ШИЕЛІДЕ

⚜Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлық құрамы Шиелі ауданына барып, №45 мектеп-гимназиясы, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі, №48 А.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі, №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектебі, №47 В.М.Ломоносов атындағы орта мектебі, №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Әрбір білім ордасындағы кездесулер жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қызығушылық танытылды. Университет пен колледж өкілдері оқу орындарының білім беру бағдарламалары, мамандықтар жайында толық мағлұмат беріп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқу орнына түсу ережелері, жеңілдіктер мен шәкіртақылар, студенттік өмірдің ерекшеліктері жайлы ақпараттар ұсынылды.