💡БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР - ЖАҢАҚОРҒАНДА
⚜Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлық құрамы Жаңақорған ауданындағы бірнеше мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шаралар барысында мектеп түлектеріне оқу орындарының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және ұсынылатын жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарына төмендегі мектептер қамтылды:⤵
№3 мектеп-интернат;
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебі;
№56 орта мектебі;
№110 мектеп-лицейі;
№125 орта мектебі;
№163 орта мектебі;
№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебі;
№286 орта мектебі;
№289 орта мектебі.
📌Аталмыш бағыттағы кәсіби бағдар беру шаралары мектеп түлектеріне мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесіп, жоғары оқу орындары мен колледждердің мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.