БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР - АРАЛДА

Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлық құрамы Арал ауданының бірқатар білім ордаларында болып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: - №262 мектеп-гимназиясы (Ұзақбай Қараманов атындағы), - №83 орта мектебі, - №71 орта мектебі, - №220 орта мектебі, - №292 орта мектебі, - №62 орта мектебі, - №14 орта мектебі, - №260 орта мектебі, - №13 орта мектебі, - №64 орта мектебінің оқушыларына арнап кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының өкілдері білім беру бағдарламалары, мамандықтар, гранттар, оқу шарттары және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдауда дұрыс бағыт ұстануға кеңес берілді. Аталған іс-шараның мақсаты – аудан мектептерінің жоғары сынып оқушыларына мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, кәсіби бағыт-бағдар беру арқылы олардың жоғары білімге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.